Center Image
IHSAN.KZ
САРАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ
САРАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ

Қарағанды облысына қарасты Саран қаласында жаңа мешіттің қазығын қағу рәсімі өтті.

Тарихи іс-шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы, Саран қалалық мешітінің имамы Нұржігіт Оразалыұлы,  қала дін қызметкерлері,  жергілікті жамағат және қазыналы ақсақалдар қатысты.

Сыйымдылығы 1000 адам болатын, екі қабаттан тұратын заманауи мешіт «Рабочая» көшесінде бой көтермек.
Бірінші қабатында 400 адамға арналған асхана болса , екінші қабаты үлкен  намазхана, имамдар бөлмесі мен құран оқитын бөлмемен қамтылмақ.

Облыс бас имамы құрылыс алаңы басында мешіт жобасымен танысты. Жиылған жамағатпен бірге арнайы дұға жасап, құрбандық шалғаннан кейін мешіттің қазығын қағып, бұл жерде бой көтеретін Алла үйінің ел игілігі жолында жемісті қызмет етуін тіледі.

Айта кетейік, мешіт жергілікті тұрғындар мен демеуші азаматтардың қаржылай көмегі негізінде салынады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz