Center Image
IHSAN.KZ
Рухани кеште Құран жаттаған шәкірттерге тәж кигзілді
Рухани кеште Құран жаттаған шәкірттерге тәж кигзілді

Қарағанды қаласындағы «Қажыбай қажы» мешітінде Мариям, Гүлнұр ұстаздардың ұйымдастыруымен «Құран көкте нұр – жерде қазына» атты рухани кеш өтті.

Іс-шара барысында Құран жаттаған 13 шәкіртке салтанатты түрде тәж кигізілді. Рухани кешке 40-қа жуық адам қатысып, түрлі мазмұнды ойындар, «Қазыбек би» мешітіндегі Ажар ұстаздың тағылымды уағызы, «50 ғибратты сөз» және «Құран туралы жылы лебіз» айдарлары ұсынылды.

Салтанатты кеш соңында тәж киген шәкірттерге Құран, тәж және арнайы сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, шәкірттерге «Ақниса» ателье орталығының тегін киім тігуге арналған сертификаты да сыйға берілді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz