Center Image
IHSAN.KZ
«Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы өрт сөндірушілермен кездесті
«Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы өрт сөндірушілермен кездесті

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Азамат Төлеухан Қарағанды қаласындағы №8 өрт сөндіру бөлімінде «Экстремизм – қоғамға төнген қауіп» тақырыбында түсіндірме дәріс жүргізді.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғам мүшелерінің, әсіресе мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары өкілдерінің діни радикализм мен экстремизмге қарсы иммунитетін арттыру, теріс ағымдардың алдын алу және дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау болды.

Дәріс барысында ұстаз радикалды идеологиялардың пайда болу себептері мен олардың қоғамға тигізер зиянына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымы мен бағыты туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзара пікір алмасты.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz