Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің бас имамы Ермахан Оралбай жамағатқа арнап «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыбында танымдық дәріс-уағыз өткізді.
Уағыз барысында зиратқа барудың әдептері, Құран мен сүннеттегі зияратқа қатысты үкімдер, сондай-ақ шариғатқа сай және қайшы амалдардың ара-жігі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, мұсылман баласы үшін қабір зияратын — өлімді еске түсіріп, тәубеге келуге түрткі болатын рухани амал ретінде қабылдау керектігі атап өтілді.
Бас имам өз сөзінде зияратты шариғат шеңберінде өткізу, ысырап пен бидғат секілді тыйым салынған істерден сақтану жайына да ерекше тоқталды. Дәріс соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, пайдалы пікір алмасу орын алды.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі