Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен «Мүфтият баспасы» бөлмесі ашылды
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінен «Мүфтият баспасы» бөлмесі ашылды

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Мүфтият баспасы» бөлмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, жаңа бөлменің тұсауын кесті.

Аталған бөлме – ҚМДБ тарапынан жарық көрген ресми діни әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды халық арасында кеңінен насихаттау, сондай-ақ сапалы діни өнімдердің қолжетімділігін арттыру мақсатында ашылып отыр.

Жаңа бөлмеде Құран кәрім, діни оқулықтар, балаларға арналған тәрбиелік кітаптар, ҚМДБ бекіткен ғылыми-танымдық еңбектер, мерзімді басылымдар мен өзге де рухани-ағартушылық бағыттағы баспа өнімдері орналастырылған.

Бөлме заманауи талаптарға сай жабдықталып, келушілерге қолайлы орта қалыптастырылған. Онда кітап оқу, тарату және оқырмандармен жүйелі түрде жұмыс жүргізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өз сөзінде бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, ҚМДБ-ның ақпараттық және рухани-ағартушылық бағыттағы қызметі алдағы уақытта да жүйелі жалғасатынын атап өтті.

Аталған бастама – ҚМДБ-ның оқу-ағарту және рухани тәрбие бағытындағы көпқырлы жұмысының бір көрінісі болып табылады.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz