Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘНЕТ БАБА» МЕШІТІНДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ұлттық салт-дәстүр мен ислам құндылықтарын үндестіре насихаттауға арналған «Дін мен дәстүр» бөлмесінің ашылу салтанаты өтті.

Игі шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты.

Аталған бөлме халқымыздың рухани болмысын сақтауға, ұлттық мұра мен асыл дінімізді қатар дәріптеуге бағытталған. 

Мұнда салт-дәстүр мен шариғат үндестігін түсіндіретін кітаптар, көрнекі материалдар мен арнайы жобалар орналастырылып, келушілерге насихаттық жұмыстар жүргізіледі.

Ашылу рәсімі аясында тұсаукесу рәсімі өтіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бір бүлдіршіннің тұсауын кесті.

Қазақтың көне дәстүріне сай арнайы ұлттық дастархан жайылып, салтанатты жиын рухани мазмұнмен жалғасты. 

«Дін мен дәстүр» бөлмесі – мешіт жанындағы тәрбие мен насихат жұмыстарын жүйелеуге арналған маңызды орталықтардың бірі ретінде жұмыс істейді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz