Center Image
IHSAN.KZ
Бас мүфти «Әйел-қыздар» секторы бөлмесінің ашылуына қатысты
Бас мүфти «Әйел-қыздар» секторы бөлмесінің ашылуына қатысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысына жасаған сапары аясында облыстық «Әнет баба» мешітінде ашылған «Әйел-қыздар» секторының жаңа қызмет бөлмесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Аталған бөлме әйел жамағатпен тұрақты әрі жүйелі жұмыс жүргізуге арналған. Мұнда қыз-келіншектерге рухани тәрбие беру, діни білімін арттыру, отбасылық құндылықтарды дәріптеу бағытында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, әйел-қыздар секторының жұмысын жандандыру – қоғамның рухани дамуына қосылатын үлес екенін жеткізді.

Жаңа бөлім заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Бұл бастама – ҚМДБ тарапынан әйел-қыздар секторына жасалып отырған маңызды қолдаудың нақты көрінісі.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz