Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде жастармен рухани кездесу ұйымдастырылды
«Бала қажы» мешітінде жастармен рухани кездесу ұйымдастырылды

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы аясында жастармен кездесу өтті. Жиынның мақсаты – дәстүрлі діни танымдық, тарихи негіздерді насихаттау.

Жұма намазынан кейін жастар мен мешіт жамағаты бас қосып, білім аясын кеңейтіп, имамнан ілім алып қайтты. Кездесуде діни әдебиет оқудың маңызы мен жастардың рухани ізденіс жолындағы рөлі туралы ой қозғалды. Қатысушылар кітап мазмұнына байланысты пікірлерін білдіріп, өзара сұхбаттасты.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz