Center Image
IHSAN.KZ
Ата-ананы сыйлау – зорлық-зомбылықтың алдын алудың кепілі
Ата-ананы сыйлау – зорлық-зомбылықтың алдын алудың кепілі

Шет ауданы, Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған діни насихат шарасы өтті. Іс-шарада мешіт ұстазы Әлия Рахманқызы «Ата-анаға құрмет әрі қызмет ету» тақырыбында уағыз айтып, қатысушыларды отбасы құндылықтарына мән беруге, зорлық-зомбылықтан алыс болуға және ата-ананың разылығын алудың маңыздылығына тоқталды.

Ұстаз өз уағызында Құран аяттары мен Пайғамбар (с.ғ.с.) хадистеріне сүйене отырып, ата-анаға құрмет көрсету – Алланың разылығына жеткізетін жол екенін түсіндірді. Сондай-ақ әйел затының отбасындағы орны, бала тәрбиесіндегі рөлі мен қоғамдағы міндеті жайлы да кеңінен насихат жүргізілді.

Іс-шара соңында көпшілік тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қатысушыларға рухани тұрғыдан мотивация берілді.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz