Құрметті мұсылман бауырлар, қымбатты отандастар!
Мейірімді, рахымды Алла Тағаланың атымен бастаймын!
Барлық мақтау мен мадақ әлемдердің Раббысы Алла Тағалаға болсын! Жыл бойы күткен қасиетті Рамазан айына аман-есен жетке¬німізге Жаратқан Иемізге сансыз шүкір¬лік ете¬міз.
Баршаңызды мүбарак Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Алланың әміріне бойұсынып, мұсылманның бес парызының бірі - ораза тұтып, ниет еткен барша дін қарындас жұртқа ораза қабыл болсын айтамыз!
Құдай уә тәбәрәкә-тағала құлшылықтарыңызды, ниеттеріңіз бен тілектеріңізді қабыл етсін! Әр күнгі оразада халқымыздың амандығын, мемлекетіміздің бүтіндігін, ел мен жердің бақуатты болып, Алаш ұрпағының даңқы асқақтауын тілейік.
Рамазан айында құлшылығын арттырған мұсылманның әрбір жасаған іс- әрекеттеріне еселеп сауап жазылып, ризық-несібесі артады. Кімде-кім ораза ұстағанға ауыз аштырса, оның күнәлары кешіріліп, ораза ұстағанның сауабындай сауап алады, одан ораза ұстаушының сауабы кемімейді. Бірде сахабалар ардақты Елшіге (с.ғ.с.) келіп: «Уа, Алланың Елшісі! Біздің әрбіріміздің ораза ұстағанды тамақтандыруға шамамыз жете бермейді» - дегенде Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Алла тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауабын береді ...» - деген.
Сондықтан кедей-ғаріптерді бір күн болса да тойындырып, қараусыз қалған мүсәпірлердің жанынан табылсақ, Алла тағаланың шексіз рақымына бөленеріміз хақ.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Шын мәнінде, қиындықпен бірге жеңіл¬дік бар» («Шарх» сүресі, 6-аят) дейді. Мі¬не, бүгінде қасиетті Рамазан айында жамағатпен ауыз ашып, көп¬шілік¬пен бірге құлшылық жасауға мүм¬кін¬дік алдық. Осы күнге жеткізген жә¬не осын¬дай ұлы мүмкіндікті нәсіп еткен Жара¬тушы Жаббар Иемізге сансыз шү¬кірлер айтамыз.
Рамазан – тәрбие мен тағылым айы. Ен¬деше берекелі айда көбірек сауап¬ты амал жасауға асығайық, ағайын. Ата-анамыздың, қазыналы қарт¬тары¬мыздың дұғасы мен алғысын алуға тыры¬сайық. Мүмкіндікке қарай мұқтаж жан¬дарға қолұшын беріп, науқастың көңілін сұрап, сауап алайық.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім бауырының қажетін өтесе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-кім мұсылманның бір қайғысын сейілтсе, Алла оның қайғы-қасіреттерінің бірін сейілтеді», деген.
Ораза да осы айтылғаннан тыс қалмайды. Сондықтан да, оразамыз қабыл болсын десек, парыз, уәжіп амалдардан тыс оразаның мұстахабтарына жататын мына амалдарға ерекше көңіл бөлген жөн.
Алла Тағаланың: «Менің ең жақсы көретін құлдарым – ауыз ашуға асығатындары» дегеніне сай, күн батқаннан кейін ауыз ашуды кешіктірмеу. Бұл істің артықшылығына қатысты Расулулла(с.ғ.с): «Ауыз ашуды ке¬шiктiрмеумен адамдардың амандыққа кенелуi жалғасады» деген.
Әбу Ъатыййа (р.а.) айтады: «Мен және Масрұқ (р.а.) екеумiз Айшаға (р.а.) кiрдiк. Масрұқ: «Расулулланың (с.ғ.с) екі сахабасы жақсы iске алаңдайды. Олардың бiрi ақшам намазы мен ауыз ашуға асықса, екiншiсi ақшам намазы мен ауыз ашуды кешiктiредi» дегенде, Айша: «Ақшам намазы мен ауыз ашуға кiм асығады?» деп сұрады. Расында, Расулулла(с.ғ.с) мен Абдуллаһ ибн Масъуд (р.а.) солай iстейтiн».
Қадірлі ағайын!
Қасиетті Рамазан айы құтты болсын! Ұстаған оразаларыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болғай! Рамазан айында жасаған игі істеріңіз сауаптан жазылып, Алла Тағала елімізге, жерімізге берекесін, мол ризығын жаудырғай! Мұратымыз асыл, дұ¬ғамыз қабыл болсын!
Нуров Махмуд қажы Нурұлы