Шет ауданы Жанқұтты би мешітінің имамы Берік Алпысбайұлының халықпен және кәсіпкерлер-жанашырлармен ұйымдастыруының арқасында ер және әйелдер дәретханасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Демеушілер арқылы алты миллион теңгедей қаражат тартылды. Қабырға және еденнің кафелдері жаңартылды. Керілмелі төбе тартылып, жарық шамдары ауыстырылды. Дәретханаға қажетті дүниелердің барлығы жаңадан ауыстырылды.
Бұл жөндеу жұмыстары мешітке келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Жөндеу барысында сапалы материалдар қолданылып, барлық жұмыстар жоғары деңгейде атқарылды. Берік Алпысбайұлы осы іске жұдырықтай жұмылған барша жанашырға алғысын білдірді. Осындай игі істер қоғамымыздың бірлігін нығайтып, мейірімділік пен қамқорлықты арттырады.
Шет ауданы Жанқұтты би мешітінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы