Center Image
IHSAN.KZ
«ALAQAI»   жартылай дайын өнімдерінің қасапшысы сертификатталды
«ALAQAI»   жартылай дайын өнімдерінің  қасапшысы сертификатталды

Естеріңізге салсақ, Қарағанды облысындағы «ALAQAI»   жартылай дайын фабрикаттар кәсіпорнына  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификаты табысталған  болатын. Кәсіпорын  ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында 2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар»стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды. Бұл жолы аталмыш кәсіпорынның қасапшысы шариғат талаптарына сай мал бауыздау бойынша сертификатталды. Арнайы сертификатты ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы табыстады. 

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz