Қарағанды облысы «Әйел-қыздар» секторы “Ханифа” қыздар даму клубының ұйымдастыруымен гипстан декор жасау шеберлік сағаты өтті.
Шығармашылық жұмыстарға бағыттап, әсемдікке және шеберлікке баулу.
Гипс экологиялық таза, мүлдем зиянсыз, арзан, сондықтан қол жетімді материал, әр түрлі қолөнер бұйымдарын жасау үшін жиі қолданылады. Одан кез-келген бірегей бұйымдарды қолмен жасауға болады. Жұмысқа кіріспен бұрын шәкірттерге гипс жасаудың технологиясы таныстырылып, гипс ерітіндісін дайындау көрсетілді. Шеберлік сыныпқа қатысушылар қалыптарды таңдап, гипс ерітіндісін дайындап, қалыптарға құйды. Әртүрлі пішіндер қажетті бұйымдар жасады. Гипстен жасалған бұйымдар толық кепкен соң, қалыптан алынды. Шәкірттер шеберлік сыныбына белсенді қатысты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы