Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды облысы мешіттерінде құрбан айт намазы оқылды
Қарағанды облысы мешіттерінде құрбан  айт намазы оқылды

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысына қарасты  мешіттерде барша мұсылман қауымның ұлық мерекелерінің бірі – Құрбан айт мейрамы аталып өтті. 

Таңғы сағат 06:00-де айт намазы оқылып, ұлық мереке құлшылықпен бастау алды.

Мейрамда ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы "Әнет баба" мешітіне жиналған дүйім  жамағатты құрбан айт мерекесімен құттықтады. Айт мерекесінің қадір-қасиетін ашықтап, мейрамды берекелі, сауапты өткізуге шақырды. 
Жамағатқа айт құтпасы жеткізілді. Намаз соңында барша жамағат ел мен жердің амандығын тілесіп, дұға жасады.


ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz