Center Image
IHSAN.KZ
«Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында жиын өтті
«Дін мен дәстүр» тақырыбы аясында жиын өтті

   Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің  имамы Нұров Махмұд қажы Нұрұлы «Дін мен дәстүр» жылында мешіт жамағатымен діни салт дәстүр құндылығы туралы кеңінен қамтылған жиын өткізді. Көктемнің келуімен салт дйстүрімізді жаңғыртуға үлкен себеп - Наурыз мерекесі. Осы мереке қарсаңында мешіттің жамағатымен ел арасында ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға қатысты шаралар туралы ақылдасты. Қарт жамағат үлкендерге құрмет көрсету мақсатында отасылық бірлікті сақтау мақсатында кездесулер өткізуді ұсынса, жастар дәстүрімізде қалыптасқан спорттық ойындарды жаңғыртуды ұсынды. Кездесу барысында жамағат бірлесе аталған шараларды өткізуге атсалысатынын жеткізді. Еліміздің тыныштығы мен бірлігін тілеп, жамағатпен дұға етті.
 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz