Center Image
IHSAN.KZ
Аспаннан түсірілген дастархан

Жегізіп тойғызатын, есіркеп, қорғайтын Алланың атымен!

Ұлы Аллаһу-Субһанә уә Тағала Мәида сүресінің 111-ші, 112-ші, 113-ші,114-ші, 115-ші аяттарында былай бұйырды:

  • Сол уақытта Хауариларға: – Маған, әрі елшіме сеніңдер деп білдірген едім. Олар: – Біз сендік, біздің шынайы мұсылман болғанымызға куә бол деген еді. Сол уақытта Хауарилар: Әй, Мариям ұлы Иса! Раббың бізге көктен бір дастархан түсіре ала ма? – деген еді: –Егер сенсеңдер, Алладан қорқыңдар деді.

Хауарилар:

– Біздің одан жегіміз келеді. Жүректеріміз орнықсын, әрі сенсін. Бізге шын айтқаныңды білейік. Сондай-ақ оған куә болушылардан болайық десті.

      Мариям ұлы Иса:

  • Әй, Алла! Раббымыз! Бізге аспаннан дастархан түсір! Бұрынғы, соңғымызға мереке, әрі сенен бір белгі болсын, бізді ризықтандыр! Сен рызықтандырушылардың ең жақсысысың деді.

  Алла Тағала:

  • Күдіксіз мен ол дастарханды түсіремін. Егер одан кейін сендерден кім қарсы келсе, шынайы түрде мен оны дүниеде ешкімді азаптамаған азаппен азаптаймын деді».

Каз-и- Байзау-и тәпсірінде бұл аят-и карималар туралы айтылған анықтамаларды айтып өтейік, мынадай:

Хауарилар Иса алейһссаламның өзгеше достары және жәрдемшілері еді. Риуаятта бұл Хауариларды он екі кісі деп анықтаған. Білінгендей уаһилер Пайғамбарларға ғана келеді, бұл Хауариларға келген уаһи үшін мынадай бір анықтама айтылған: – Пайғамбарымның немесе Пайғамбарымның тілімен оларға әмір еттім, – деп айтылған. Хауарилар өздеріне берген әмірге мойынұсынды, шындығында нағыз мұсылман екендерін білдірді. Бірақ содан  соң, имандарында шүбәнің белгісін беретін кейбір нәрселер сұрала басталынды. Сол үшін Иса алейһиссалам оларға былай деді:

  • Ұлы Алланың құдіретіне Пайғамбарымның сенімді екеніне сенбейсіңдер ме, иманыңызда шыншыл болсаңыз бұл сұрағандарыңыздың себебі не?
  • Иса алейһиссаламның бұлай деп айтқаны үшін, оларға аят-каримада айтылған жағдай айтылды, осындай бір сұраумен имандарынан шүбә келтірілмеуін айтты. Иса алейһиссалам да аят-каримада айтылған дұғаны оқыды, дастархан түсті.

«Уағызшылардың інжу-маржаны»


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz