Center Image
IHSAN.KZ
Зияраттың әдептерін сақтап жүрміз бе?
Зияраттың әдептерін сақтап жүрміз бе?

   Зиярат сөзі – арнайы көруге бару мағынасын білдіреді. Ал, қабірлерді зиярат ету ақыретті еске салатындықтан адамды тақуалыққа, ықыластыққа, шүкіршілікке жетелейді. Халқымыз зиярат жасауда ерекше тиянақтылықты ұстана білген. Тіптен қорым басына түске дейін баруды әдетке айналдырған. Сондай ақ зират басында шариғатымызға сай әдептерді сақтай білген. Жалпы, зиратқа барғанда қайтыс болған кісіге Алладан жарылқау тілеп дұға ету үшін және өзіміз де дүниенің фәни екендігін бір сәтке еске түсіріп, ғибратпен қайтамыз. Бірақ өкінішке орай, кейбір сәттерде зират басында қаперсіз, алаңсыз әңгіме дүкен құрып тұратындарды да байқаймыз. Зират басына не үшін келгендігін де сезінбейтіндей халде тұрады. Бұл дегеніміз үлкен қателік. Ондай қателіктен арылу керек. Кейбір зират бойына «Бізде сіздей болғанбыз, сіз де біздей боларсыз» деп, ахирет өткелдерін еске түсіретін сөзді үлкен әріппен жазып қойған. Рас, зират басында жерленген кісілер бір кездері сіз бен біз секілді болған абзал жандар. Аманатқа берген жанды Аллаға тапсырып, бұйырған топырақты жастанып жатқандар. Ендеше ол жер өзіндік әдеп, үміт пен үрей үстінде болатын ғибратты мекен. Ал, шариғатымыз адам өміріне қажетті барлық қағидаттарды реттеп берген. Тақырыбымыз зират төңірегінде болғандықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімі бекіткен зират әдептерін ұсынамыз.  

 

1. Ниетті дұрыстап алу, міндетті түрде Алланың разылығы үшін шынайы ықыласпен зиярат қылу керек. Біріншіден, ниетті туралау – зияратты толық Алла жолында оның разылығы үшін қылу, медетті, құтылуды, жалғыз Алладан ғана тілеу керек.

2. Зиярат еткенде дәретпен бару.

3. Аз уақыт болса да дүние тіршілігін тастап, ақыретті ойлау керек.

4. Зиярат орнында ақырындап жүреді. Дауыс көтеріп сөйлемейді. Сөзін бәсең дауыспен әдеппен сөйлейді.

5. Қабір жұртына сәлем беру. Қорымға барғанда бірінші сәлем беріледі. Пайғамбар (с.а.с.) өзінің сахабаларына қабір жұртына былай сәлем беруді үйреткен: «Сәлем сендерге, уа, мүмін қауым жұрты! Біздер де, Алла қаласа, сіздерге қосылармыз. Алладан өзіме де, сіздерге де есендік тілеймін».

6. Қабір басында Ясин сүресін немесе өзі білетін басқа сүренің аяттарын оқу. Отырғанда бір мәрте Фатиха және үш мәрте Ықылас сүресін немесе өзі білген сүрелерді оқып, сауабын марқұмға бағыштаса болады. Қабір басында уағыз-насихат айтылуы сауапты іс.

9. Қабірді баспау керек. Қабірдің үсті мәйіттің хұқына жатады. Қабірді басу мәйіттің ішін басқанмен бірдей.

10. Өмірден өткен мұсылмандардың жақсы сипаттарын еске алу сүннет.

11. Зияраттан тыныш, байыпты қалыпта қайтқан дұрыс.

 

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz