Center Image
IHSAN.KZ
Уақып - екі дүние берекетіне бастайды
Уақып - екі дүние берекетіне бастайды

   Бүгінгі таңда «Уақып» жайында таным түсінікті арттырудың қоғам өмірінде маңызды екендігін ұғынатын сәт. Уақып жасау сарқылмас сауаптың көзі. Қамшының сабындай жылт етіп өте шығар жарық дүниеде қолдан келген мүмкіндікті қалт жібермей, осы дүние мен ахирет бақытына жеткізетін сауабы мол игі істің орайын келтіре білу біздерге берілген ұлы мүмкіндік және Алланың үлкен сыйы. Ол дегеніміз – өзімізге ұнаған қайырлы істі өзгелер үшін де құп көру. Садақа амалы тек Алланың разылығына бөлену ниетімен жасалатындықтан және мұсылманның басты мұраты жұмақты қалайтындықтан әрбір ізгі амалдың астарында игі ниет жатады. Ал кімде-кім жаннатқа кірсе, онда мәңгі қалады. Алла Тағала Құранда: «Оған (жұмаққа) бейбіт күйде кіріңдер. Міне, осы – мәңгілік күн» (Қаф сүресі 34-аят) және «Сонда оларға «Істеген ізгі істерің үшін мұраға алған жұмақтарың осы» делінген түрде табысталады» (Ағраф сүресі, 43 -аят) делінген. Сонымен қатар «Әли-Имран» сүресінің 92-аятында: «Жақсы көрген нәрселеріңді (дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар» дейді. Ардақты пайғамбарымыз: (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер қаласаң, ол жерді уақып ет те, одан түскен пайданы садақа етіп отыр» деп, уақыптың маңыздылығын білдіреді. Ислам арихында уақыптың ең алғашқы амалы осындай дәрежеде орындалған. Демек, екі дүниеде жемісі мол жетістікке қол жеткізуге, кемелдікке ұмтылуға жол көрсетілген. Біз айтып отырған садақа амалының бұл түрі «Уақып» жасау. Яғни, "Уақып" қорыныӊ қызметі әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға, білім-ағартушылық шараларды жүргізуге, сонымен қатар, діни бірлестік қызметкерлерлері жұмысыныӊ тиімділігін көтеру және діни мекемелердіӊ қызметін қолдауға бағытталады. Уақып амалының негізгі мақсаты – Ислам дінінің өркендеуіне үлес қосу. Бұл қорға әрбір мұсылман өз мүмкіндігіне қарай демеу көрсетіп, қолда бар нығметтерді сауапты іске жұмсауға мүмкіндігі мол. Уақыпқа жұмсаған қаржыңыз қияметке дейін айналымда болып, сауабы сарқылмай иесіне барып тұрады. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz