Мұхаммед Пайғамбар өз хадистерінде бұрын өткен оқиғалар мен болашақта болатын оқиғаларды болжап кеткен. Америкалық ғалым, профессор Палмар: «Менің зерттеулерім Алла Тағаланың Мұхаммед Пайғамбарға жібергендеріне сенімімді одан сайын күшейтті. Білім теңізінен Алла Тағала оған тек аз бөлігін ғана берген және осы аздың өзі жақында ғана ашылды»-деген.
Мұхаммед Пайғамбар мұның бәрін Алланың қалауымен біліп, айтқан. Және осы айтқандары Алланың қалауымен жүзеге асқан. Ислам әлеміне төнетін қауіптерді айтып, оларды сипаттап кеткен. Фердинандтың Андалузияға шапқыншылығыН, моңғолдардың басқыншылығын, сондай-ақ Константинопольді (Ыстамбұл) мұсылмандардың алатынын да айтқан («Муснад», 4/335).
Мұхаммед Пайғамбардың біздің заманымыз туралы айтқандары:
«Сауда қатынастарының дамитыны соншалық, әйелі еріне сауда жасағанда көмектесетін болады. Туысқандар арасындағы байланыс үзіледі. Жалған куәлік беріп, шындықты жасырады. Қаламға қолдау көрсетіледі» («Муснад», 1\407, 408).
Осы хадисте айтылғанның растығына біз куәгерміз. Күні бүгін осы айтылғандардың бәрі орын алып жатыр. Әйелдердің көпшілігі саудада жүр. Туысқандар бір-біріне барудан қалған. Журналистика, жазу жақсы дамып келеді. Газет, журналдар, түрлі кітаптар көптеп шығуда. Жалған куәлік беру оңай, ол арқылы ақша тауып жатқандар бар. Міне мұның бәрі осы хдистің дәлелі.
«Бүліншілік болады. Қазір зина жасағанды қалай ұялтса, намаз оқыған адамды солай ұялтатын болады». Қазір қоғам жүз бөлініп, жүздеген ағымдар пайда болып, намаз оқитындарды қоғамдық орындарға кіргізбей, жұмысқа алмай, шеттетіп жатқан жағдайлар орын алып жатқаны рас.
«Пайыздардан пайда көрмейтін бірде бір адам болмайтын заман туады, тіпті одан қашқандардың өзі соған түседі» («Муснад», 2\494). Қазір пайыздарды пайдаланбайтын бірде бір коммерциялық ұйым болмайтынын көріп отырмыз. Әлемдің сауда жүйесі осы мехнизммен жұмыс істеп тұр. Қаласаң да, қаламасаң да алдыңнан «пайыз» шығады.
Қарағанды облыстық орталық мешіті
Әмина Омарова