Center Image
IHSAN.KZ
Алла алдындағы ең жақсы зікір қандай?

Жауап:

Зікір деп Аллаға мадақ айту, шүкірлік ету, сондай-ақ түрлі дұғаларды оқуды айтамыз. Бірқатар әлімдер адамға сауап әкелетін сөз бен істің бәрінің зікір болып табылатынын айтқан.

Құранда ең ұлық құлшылық намаз да зікір делінеді. Намаз оқыған адам Алланы еске алып, мадақ айтады. Бұл зікір дәрет алудан басталады. Себебі адам Алланың алдына тұратынын сезініп, намазға дайындалады.

Ниет пен тәкбір де зікір болып табылады. Содан кейін Аллаға сансыз мадақ айтады. Оқылған сүрелердің, аяттардың мағынасына назар аударады, сол оқыған аяттарына байланысты адам жүрегінің күйі де өзгереді.

Ең үлкен зікір Алла Тағалаға сенім келтіру және Оны үнемі еске алып жүру. Намаз уақытындағы тіл зікірі – Құранды оқу, ал жүрек зікірі – Алладан қорқу, үміт пен сүйіспеншілік. Намаз кезіндегі тәннің құлшылығы да зікір болмақ.

Әмина Омарова

Қарағанды облыстық орталық мешіті


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz