Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен «Қыз тәрбиесі – аманат» тақырыбында дәріс өтті.
Әр апта сайыс өтіп жатқан діни сауат ашу дәрісіне білім алып, іс-шараларға белсенді қатысып жүрген шәкірттер қатысты.
Шара барысында мешіт ұстазы жиналған шәкірттер қауымына отбасындағы түрлі мәселелер бойынша насихат айтып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, шәкірттердің тарапынан туындаған отбасы мәселесіне қатысты маңызды сауалдарға жауап берді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы