Center Image
IHSAN.KZ
Дүние сүйіспеншілігі
Дүние сүйіспеншілігі

13254130199Имам Ағзам бір күні шәкірттеріне сабақ беріп жатқанда бір адам келіп,

– Саудаға жіберген заттарыңыз артылған кеме суға батыпты,-дейді. Бұл хабарды естіген имам біраз тұрып, «әлхамдулилләһ» дейді. Біраздан кейін тағы бір адам келіп,

– Мырза бір қателік болыпты, ол кеме сіздің кемеңіз емес екен,-дейді. Біраз ойланып, «әлхамдулилләһ» дейді. Шәкірттерінің бірі қызығушылықпен екі хабарға да неге «әлхамдулилләһ» дегенін сұрайды.

– Батқан хабар келген кезде жүрегімді тыңдадым. Ешқандай қынжылу байқалмады. Хабардың қате екенін естігенде де жүрегімді тыңдадым. Ешқандай қуаныш сезімін байқамадым. Екеуіне де «әлхамдулилләһ» деу себебім дүниелік нәрселерге жүрегімде ешқандай сүйіспеншілік жоқ екенін түсінгендіктен,- дейді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz