Center Image
IHSAN.KZ
Ал, сен намазды қалай оқып жүрсің?
Ал, сен намазды қалай оқып жүрсің?

AGP0XOaDtE8«Намазды қалай оқисың?» деп сұрағандарға Хатами әс-Сам (р.а.): 

«Намаз уақыты таяғанда, жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойланамын. Сонан соң, намазға тұрамын. Қағба – дәл алдымда, сират (қыл көпір) – аяғымның астында, жаннат – оң жағымда, ал тозақ – сол жағымда, Әзірейіл – төбемде қарап тұрғандай сезіммен оқимын. Үміт пен үрей арасында әлемдердің раббысы болған Алла Тағаланың құзырында тұрғанымды ойлаймын. Тәкбір алып, мағыналарына зер сала отырып, Құран аяттарын оқимын. Кішіпейілділікпен рукуғ жасаймын. Өз тереңдігіне сай сәждеге барамын. Оң аяғымның ұшын тіреп, сол аяғымды төсеніп отырамын. Осылайша,  намазымды ықыласпен, шынайылықпен оқуға тырысамын», – деп жауап берген екен. 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz