Center Image
IHSAN.KZ
Пайғамбар құлшылығының ерекшеліктері
Пайғамбар құлшылығының ерекшеліктері
fetvi3Алла елшісі құлшылықты кемел орындаған және мұсылмандарға  құлшылық жасаудың үлгісін көрсеткен. Алла елшісінің Құран мен Сүннетте көрсетілген құлшылығының келесі ерекшеліктерін атап айтуға болады:
  1. Құранда Пайғамбар құлшылығының маңыздысы ретінде шынайылық аталады. «Айт [Мұхаммед]: "Шынында маған Аллаға шынайы сеніммен құлшылық ету бұйрық етілді» (Зумар: 11). Аятта аталған шынайылық – адам жүрегінде ширк пен көзбояушылыққа орын болмау керектігін көрсетеді.
  1. Құлшылық етудегі тұрақтылық Пайғамбар құлшылығы ерекшеліктерінің бірі. Құранда: «Саған ажал жақындамай тұрғанда Жаратушыңа құлшылық ет»-делінеді (Хиджр: 99). Құлшылық – өмір бойы жалғасатын міндет. Алла елшісі хадисінде: «Алла үшін ең сүйікті және ең құнды құлшылық - ол аз да болса тоқтатылмай, әрдайым жасалған құлшылық»-дейді.
  1. Алла елшісі құлшылықты ең жақсы түрде орындауға бар күшін салған. Тіпті соңғы күндерінде де намаздың уақытылы оқылуын ойлап, жамағат намазына мешітке барған. Алла елшісінің мұндай қылығы оның Аллаға деген құлшылығының мінсіз болғанын көрсетеді.
  1. Дінсіздер келтірген зиянға сабыр етіп құлшылық қылу бұйырылған. «Күнәһарлар мен рақымсыздарға күнәлі болма. Таңертең де, кешке де, түнде де Алланы есіңе ал. Оған мадақ айт» (Инсан: 24).
  1. Алла елшісі жамағат намазына баса мән берген. Құранда намазды жамағатпен оқу керектігі айтылады: «Намаз оқыңдар, зекет беріңдер және тізелеріңді иілгендермен бірге бүгіңдер» (Бақара: 43). Көпшілікпен намаз оқу адамға көптеген артықшылықтар береді. Пайғамбарымыздың бір хадисінде: «Түнде намазды көпшілікпен оқыған адам түннің жартысын құлшылықта өткізгенмен бірдей; таңғы намазды көпшілікпен бірге оқыған адам түні бойы құлшылық еткендей»-делінеді.
  1. Күн сайынғы бес уақыттық намаз бен түнгі тахажуд намазы оның Аллаға құлшылығында ерекше мәнге ие болған. Пайғамбарымыз: «Намазды мен оқығандай оқыңдар»-дейді.
  1. Алла елшісі парыз намаздардан бөлек қосымша намаздарға да ерекше ден қойған. Мәселен түнгі намаз бен таңғы намаздың арасында тахажуд намазын оқыған. Рамазан айындағы парыз оразадан бөлек дүйсенбі және бейсенбі күндері нәпіл ораза ұстаған.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz