Center Image
IHSAN.KZ
Пайғамбар жасаған екі ғаламат
Пайғамбар жасаған екі ғаламат

name_777

Алла елшісінің жау әскерін топырақ шашып жеңгені туралы

Бадре жанында мұсылмандар мен пұтқа табынушылар арасында соғыс өрті тұтанғанда Мұхаммед Пайғамбар бір уыс топырақ алып: «Түрлерің бұзылсын» деп шашып жібереді. Ұрысқа мыңнан аса пұтқа табынушы қатысып жатқан. Бәрінің көзіне Пайғамбар шашқан топырақ түсіп кетеді. Олар көздерін уақалап, қашып құтылған екен.

Осындай жағдайды Хұнайна қасындағы ғазауатта да қайталайды. Хадистің бір нұсқасында Пайғамбар шашқан топырақ пұтқа табынушылардың көзі мен аузына түскені айтылады.

Пайғамбардың бұл ғаламаты туралы қасиетті Құранда да айтылған. Алла Тағала айтады: «Топырақты шашып тұрып,  сен шашпадың, Алла шашты» (Құран 8;17)

Яғни пұтқа табынушылар әскерінің көзіне түскен топырақ – бұл сенің құдыретің емес, Алланың құдыреті деген сөз.

Алла Тағаланың Пайғамбарға бұлттарды қалай бағындырғаны туралы

Әл-Бухари мен Мүслім Анас сөзінен жеткізеді: «Пайғамбардың уақытында жаңбыр тоқтап, қатты құрғақшылық тұрды. Жұма күндерінің бірінде Алла елшісі уағыз айтып отырғанда бір бедуин тұрып: «О Алланың елшісі! Біздің малымыз қырылып жатыр, бала-шаға  аш. Алладан жаңбыр жаудыруын сұрашы»-дейді. Сонда Пайғамбарымыз қолын жайып Алладан сұрай бастайды. Аспанда көзге көрінер бұл болмаған-ды. Алланың атымен ант етейін, аспанда бұлт пайда болғанша қолдарын түсірген жоқ, содан соң жабыр жауды. Ол төменге түскенде сақалынан су ағып тұрды. Сол күннен бастап бір апта бойы жаңбыр жауды. Келесі жұмада әлгі бедуин қайта тұрып: «О Алланың елшісі! Біздің үйіміз су астында қалуға шақ тұр, малымыз батып кетіп жатыр. Алладан жаңбырды тоқтатуын сұрашы»-дейді. Сонда Алла елшісі: «О Алла, бізге жаңбыр жіберме, бізді қоршаған маңайға жібер»-деп сұрайды. Алла елшісі қолын қай жаққа нұсқаса да жаңбыр сол жаққа бұрылып жатты. Ал Медине аспаны ашық тұрды. Келесі айда өзен-көл суы мол болып адамдарға жайлы болды»-дейді.

Әмина Омарова

Қарағанды облыстық орталық мешіті


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz