Center Image
IHSAN.KZ
Дүниедегі үш абзал
Дүниедегі үш абзал
name_777Ерте заманда Наушарбан деген кісі әкесі қайтыс болғаннан кейін орнына патша болып, таққа отырды. Бір күні ғұламаларды жинап кеңес құрды. Наушарбан олардан: — Дүниеде не нәрсе көркем?- деп сұрады. Отырғандардың әрқайсысы түрлі жауаптар айтты. Бірақ, патшаның көңіліне ешбір жауап қонбады. Осы кеңесте кезінде әділ үкім еткен бір ғалым бар еді. Сол ғалым: — Тақсыр, дүниеде үш нәрседен көркем, абзал нәрсе жоқ. Олар: өлім, әйел және мұқтаждық,- деді. Наушарбан: — Олай болса, дәлеліңді айт,- деді. Ғалым: — Өлім әр нәрседен көркем, абзал дедім. Себебі, егер өлім болмаса, әкең өліп таққа отырмас едің. Бұл мемлекет саған тимес еді!- деді. Патша: — Рас айтасың!- деп мақұлдады. Ғалым: — Нәрселердің көркемі — әйел дедім. Себебі, егер әйел болмаса сен де дүниеге келмес едің,- деді. — Рас айтасың!- деп патша тағы да мақұлдады. Ғалым: — Мұқтаждық әр нәрседен абзал (жақсырақ) дедім. Себебі, егер де мұқтаждық болмаса, мемлекетіңде, қызметіңде, мен сияқты ғалым болмас еді. Сенде әскер болмас еді,- деді. — Рас айтасың!- деп патша және мақұлдады. Ғалымның жауабына көңілі толған билеуші оған шапан жауып, 100 мың динар сыйлық бергізеді.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz