Center Image
IHSAN.KZ
Құрма туралы жұмбақ
Құрма туралы жұмбақ

Сүйікті пайғамбарымыздың (с.а.с.) өзі ұнатқан нәрселерді жеміске теңеп түсіндірген кездері де болған. Құрмаға қатысты мынандай жұмбақ жасырғандығы айтылады: Бірде жағалай отырған сахабаларына қарап: «Өзі мүминге ұқсайтын, жапырағы түспейтін, шөлде өсетін бір жеміс бар. Қане, табыңыздаршы?», – дейді. Сахабалар біліңкіремегенде, отырғандардың арасындағы ең жасы кішісі Абдуллаһ ибн Омар (р.а.) оның құрма екенін біліп, бірақ ұялып айтпаған. Кейіннен Пайғамбарымыз ол жемістің құрма екендігін өзі айтып береді (Бұхари, Әтғима, 42, 46).
Құрманы мүминге ұқсату себебі, құрманың үнемі жасыл қалпын сақтайтындығы, жапырағы, жемісі, ағашы, дәнегіне дейін – барлығы адам қажетіне жарайтындығы, яғни мүминнің де маңайына тек пайда тигізетіндігі болса керек.
Харис ибн Әбу Ұсаманың (р.а.) Ибн Омардан (р.а.) бір риуаятында Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Ол құрма ағашы. Құрманың жапырағы жерге түспейді. Мүминнің де жасаған дұғалары жерге түспейді (яғни қабыл болмастан кері қайтарылмайды)», – деген.


 

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz