Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: БІР АЙДА 1 366 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ
ҚАРАҒАНДЫ: БІР АЙДА 1 366 ОТБАСЫҒА «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап Қарағанды облысында Рамазан айының құрметіне түрлі қайырымдылық жұмыстары жүргізіліп келеді. «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен   450    отбасыға ыстық ас  үлестірілді.  50 ге жуық отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. Облысқа қарасты әрбір қала, аудандарды қосқанда жалпы саны 1366 отбасыға «Рамазан қоржыны» қайырымдылық акциясы жүзеге асты. Яғни, қарттарға, зағип жандарға жетім балаларға, көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, жалғыз басты аналарға азық-түлік толы қоржын таратылды. «Ел үлесі пәтерге» акциясы бойынша 1 – пәтер берілі.  Ә. Бөкейхан ауданындағы 52859 әскери бөлімнің сарбаздары 6 отбасыға «Рамазан қоржыны» үлестірді.

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz