Хақ Алла Тағаланың адамзат баласына жіберген нығмет, қуанышы ұшан-теңіз?! Әсіресе қасиетті Рамазан айында асыл дінді қабылдауға бел буғандардың қатары көбейді. Аллаға шүкір деп айталық, өз ықылас еріктерімен мешітке келіп, имам, ұстаздардан кеңес сұрап жатқандар да баршылық.
Осы қуанышты орайда, Шахан кенті тұрғыны Паша Дударев өзінің Ислам дінін қабылдаймын деген шешімге келіпті. Тарауих намазынан соң, мешіт имамы Арман Изтелеуов кәлима шаһадат айтқызып, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті бойынша құлағына азан шақырылып, мұсылманша Рамазан есімі берілді. Сондай-ақ Исламның алғышарттарын, жалпы асыл діннің құндылығы жайында насихат етілді.
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы