Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Ораза Айт мейрамы аталып өтті. Айт намазына 2000-ге жуық жамағат келді. Жиналған жамағатқа бас имам Махмуд қажы Нұрлы "Ораза айттың қасиеті" тақырыбында уағыз айтты. Намаздан соң жылдағы үрдіс бойынша мешіт ауласында жамағат арасында спорттық сайыс ұйымдастырылды. Кір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту ойындары бойынша елуге жуық жамағат бақ сынасты. Жеңімпаздарды марапаттап сыйлық табысталды.
«Бала қажы» мешітінде Ораза Айт мейрамы аталып өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы