Center Image
IHSAN.KZ
«УАҚЫП» ҚОРЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
«УАҚЫП» ҚОРЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

«Уақып»  корпоративтік қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен  қаладағы №2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тұрғындарына құрмет көрсетілді. Тағдыр теперішін көрген жандар «Әнет баба» мешітіне зиярат жасап, Жаратқан иемізден жарылқау тіледі.   «Уақып» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы сабыр мен шүкір турасында насихат айтып, мешіттің тыныс-тіршілігімен таныстырды. Дастархан басынан дәм татқан қонақтарға, дәстүрді сабақтастырып жасы үлкендеріне шапан жабылды. Қонақжайлық ниетпен барлығына сыйлықтар тарту етілді.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz