Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск Ораза Айт мерекесін атап өтті
Шахтинск Ораза Айт мерекесін атап өтті

Хақ Тағаланың қалауымен, күллі мұсылман қауымы 30 күн сабырмен ораза ұстап, Ораза Айт мерекесін амандықпен күтіп алуының өзі зор қуаныш. Әрбір мұсылман баласына Ораза айтының орны бөлек әрі ыстық екені анық. Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті  ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, 12 айда бір келетін, көпшілік мәре-сәре болып тойлайтын Айттың алғашқы күнін атап өтті.

Таңғы Айт намазының алдында мешіт имамының уақытша міндетін атқарушы, ұстаз Нұрғали Байкешов Шахтинск жұртын Ораза Айт мерекесімен құттықтап, дінімізге күш-қуат, елімізге амандық тіледі. Имам өзінің ақжарма тілектерінен соң, мешіттің ұйымдастыруымен өтетін мерекелік іс-шараның бағдарламасымен таныстырып, барша жамағатты мешіт алаңына шақырды.  Және қазыналы ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыз ақ дастарханға шақырылды. Ұлттық ойындар бойынша додалы жарыстың ішінде арқан тартуда жігіттер топ-топқа бөлініп күш сынасса, гір тасын көтергенде кіл мықтылар анықталып жатты. Айт мерекесіне барынша үлес қосқан азаматтарға мешіт  тарапынан марапаттау қағаздары мен түрлі сыйлықтарды үлестірілді. Халық бар ынта-жігерімен қатысушыларға жанкүйер болып, дүбірлеп өткен қызу  жиынның куәсі болды.

 Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz