«Бала қажы» мешітінің бас имамы Нуров Махмуд қажы Нұрұлы Доскей ауылына арнайы ат басын бұрды. Мұндағы мақсат, ауыл тұрғындарын, мешіт жамағатын Қадір түнімен аранайы құттықтау болатын. Жиналған жамағат Алланы ұлықтап, түнді құлшылықпен өткізді. Кішігірім ауылдардың мешіті бүгінде жамағатқа лық толық. Бұл елімізде дініміздің көркейіп жатқандығының көрінісі. Әр үйден бір қари шықса деп дұға етеміз. Әр үйден исламды көркейтетін бір ғалым шықса деп сұраймыз Алладан. Махмуд имам мешітке келген жамағатқа жылы лебізін білдіріп, жамағатпен жабыла дұға жасап, жақсылықта бірге болуды амалымен көрсетті.
Доскей жамағаты Қадір түнін қарсы алды
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы