Center Image
IHSAN.KZ
Сыйға қауышқан жамағат
Сыйға қауышқан жамағат

«Бала қажы» мешіті жылда Қадір түнін арнайы жоспарда өткізіп келеді. Биыл жамағат арасында сұрақ-жауап түрінде арнайы сайыс ұйымдастырылды. Діни тақырыпта құралған көптеген сұрақтар қойылып, білген жамағат жауап беріп кереметтей сый-сыяпатқа ие болды. Ал, сұрақтың жауабын білмеген халық білім нәрімен сусындап қайтты.
Осындай жарыстар жастардың білімге деген құштарлығын арттырады, өрістерін кеңейтеді. «Білімдінің күні жарық» дегендей, әрбір қазақ білімді болсын. Алла зейіндерін ашып қойсын.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz