Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде өткен Қадір түні
«Бала қажы» мешітінде өткен Қадір түні

Қасиетті Қадір түнінде «Бала қажы» мешітінде Мың айдан да қадірлі болған бұл түнде еңкейген қарттан жас балаға дейін Алланың үйінде арнайы келген. Мұндағы нығмет қариялардың немерелерін ерте келіп, дінімізді, Алланы, Қадір түнін баланың санасына жастайынан сіңіруі деп білеміз. Жиналған жамағат тарауих намазынан соң ұстаздардығ бас имамның уағыз-насихатын тыңдады. Жарыса зікір айтып, Құран оқыған жастарды көргенде сүйсініп-ақ қаласың. Ғибадатқа толы бұл түнде Қадір түні екенін білдіретін ие түнінің қасиетімен қоса Алланы тану, дінге құрмет ету секілді тақырыптарды қамтып өтті. Барша жамағатқа арнайы дұға жасалды. Қарилардың үні сайраған мешіт көркем бір нұрға бөленді.
Сәресіде осы жиналған 2000-ға жуық жамағатқа ауызашар, сәресі асы берілді. Жұрт таң намазын оқып тарқасты.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz