Center Image
IHSAN.KZ
ТОПАР КЕНТІНДЕГІ РАМАЗАН ТЫНЫСЫ
ТОПАР КЕНТІНДЕГІ РАМАЗАН ТЫНЫСЫ

Қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап Қарағанды облысына қарасты Топар кентінде игі шаралар жүзеге асып келеді. Атап айтқанда, ГРЭС мекмесі басшысы Темірлан Исатайұлы қадыр түні қарсаңында ГРЭС асханасында ауыз бекіткен жұмыскерлерімен мешіт жамағатына ауыз ашар берді. Шара барысында аймақ имамы Ақмағамбет Мурсали жиналған қауымға уағыз-насихат айтты. Игі шара қайырымдылықпен жалғасып, екі қой сойылып көп балалы жеті отбасыға жәрдем берілді. Қасиетті қадір түнінде рухани кеш ұйымдастырылып, жүз адамға сәресі берілді. Уағыз-насихат айтылып, жамағатқа викториналық сұрақ-жауап ойыны өтті. Берекелі айда ауызашар дастархандарын ұйымдастыруға мұрындық болып, демеушілік көмек көрсеткен ГРЭС мекемесі басшысы Темірлан Исатайұлына арнайы алғыс хат табысталды.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz