АБАЙ: «РАМАЗАН ҚОРЖЫНЫ» ТАРАТЫЛДЫ
Абай қалалық мешітінде «Қайырымдылық жаршысы» атты шара ұйымдастырылды. Берекелі айдың құрметіне орай өткен шара барысында Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы «Бірлік» мүгедектер қауымдастығы қоғамдық бірлестігі мүшелеріне ауыз ашар ұйымдастырды. Сондай – ақ, жиналған жамағатқа діни кітаптар мен арнайы даярланған кәде сыйлықтар таратты. Мүмкіндігі шектеулі жандарға «Рамазан қоржыны» үлестірілді. 150 адам қамтылған шара барысында игі істі ұйымдастырушылар риясыз алғысқа бөледі. Кеш соңында мүгедектер қауымдастығының төрайымы аудан имамы Аманбол қажы Рымқұлұлына шексіз алғысы білдірді. Өз кезегінде аудан имамы игі істердің әлі де өз жалғасын табатынын жеткізді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы