Center Image
IHSAN.KZ
АБАЙ АУДАНЫНДА РУХАНИ КЕШ БОЛЫП ӨТТІ
АБАЙ АУДАНЫНДА РУХАНИ КЕШ БОЛЫП ӨТТІ

Қарағанды облысына қарасты Абай қалалық мешітінде «Рақмет айы Рамазан» атты рухани шара өтті. Шараға Қарағанды облыстық» Әнет баба» мешітінің ұстазы Әділмұрат Нұрбол қатысып, Абай жамағаты қасиетті айдың құрметіне жайылған ақ дастарқан басында әсерлі уағыз тыңдады.  Игі шараға Елордада, Қарағандыдан бір қатар азаматтар қатысып, сауапты шараның куәсі болды. Аталмыш шара барысында Абай ауданының имамы Аманбол қажы Рымқұлұлы жиналған жамағатқа бірлік пен ынтымақ тақырыбында уағыз айтып, қонақтарға алғыс білдірді. Кеш соңында жиналған жамағатқа бүктемелер таратылды. Викториналық сұрақтар ұйымдастырып, дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар берілді


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz