Center Image
IHSAN.KZ
Топар кентінде ихсан ілімі жайлы дәріс өтті
Топар кентінде  ихсан ілімі жайлы дәріс өтті

Абай ауданы, Топар кентінде «Ихсан  ілімі» кітабы бойынша дәрістер өз жалғасын табуда.

Мұнда мешіттің имамы Ақмағанбет Мурсали жиналғандарға ихсан бойынша толыққанды түсіндірме беріп, тақуалық – мұсылман баласының иманын бекемдейтін, ғибадатқа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән болған ізгі қасиеттерді нығайта түсетін қасиет екенін айтып өтті.

Сондай-ақ осы тақуалыққа кері әсер ететін қазіргі таңда қоғамда кең тарап кеткен – өтірік айту, ғайбат сөйлеу, тәкаппарлық сынды тақырыптарды да тілге тиек етіп, мұндай жаман әдеттерден аулақ болу қажеттігін насихаттады.

Жиналғандар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, өз ойларымен бөлісті.

 

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz