«Тазалық - иманның жартысы»,- деген ұранмен ҚМДБ-ның Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде сенбілік өтті. Жылдағы дәстүрмен мешіт айналасы ғана емес, қала іші де көктем келе көркейіп қалады. Табиғаттың сұлулығын паш ететін нәрсе пенденің сұлулығы. Яғни адамның жүрген ортадағы ұстаған тазалығы. Мешіт ауласындағы ағаштар көгеріп, бүршік атып бастады. Топырағын қопыртып, гүл егетін орындар белгіленіп, қоршау сыртындағы қар астында қалған қоқыстар да тазартылды. Бұндай тазалық әрдайым жасалып тұрады, ал сенбіліктің мақсаты өзгеге өз ісімізбен үлгі болу. Әрекет түбі берекет болса, амалмен көрсеткін ісіміз өзгеге пайдасын тигізері хақ. Әр аула мұнтаздай таза болса, адам сүйсініп ол ортаға жаны таза адамдар жиналмақ болар. Ендеше жан-тәнімізбен қоса қоршаған ортамызды да таза ұстайық!
«Бала қажы» мешітінде сенбілік өтті
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы