Center Image
IHSAN.KZ
Дауысы жұмақтан шыққан сахаба
Дауысы жұмақтан шыққан сахаба

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Миғражда Алла Тағаланың құзырына көтерілгенде, Жәбірейіл періште жәннат пен тозақты көрсетті. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

-Жәннаттан әсем әуенмен оқылған Құран дауысы естідім,- дейді. Оқып отырған дауыс та өте таныс. Дауысы жәннатқа жетіп тұрған бұл қай бақытты құл екен,-  деп, Алла елшісі қайран қалды. Жәбірейіл періштеден сұрап еді: «Бұл Харисатубни Нұғман деген анасының қызметін жасап жүрген жігіт қой»- деді. Сонда Пайғамбарымыз:

«Анаға жақсылық деген осы, анаға жақсылық деген осы, анаға жақсылық деген осы»

деп қайталай берді. Көрдіңіз ба, өзгенің емес, анасына жақсылық жасаушының даусы жәннаттан шығып отыр. «Жан ана, сіз жеңіз, анашым, сіз ішіңіз, сіз отырыңыз, сіз дем алыңыз»- деп, құрақ ұшып ата-анаға қызмет етудің бір көрінісі осы.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz