Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Ұйқыға жатар алдындағы 7 ереже
18 наурыз, 2017 жыл 7664 Басып шығару нұсқасы

Ұйқының 7 ережесі. Бұл жайында қасиетті Құранда:

«Ол– түнде сендердің жандарыңды алады, ал күндіз не істеп жүргендеріңді біледі. Ол содан кейін белгіленген мерзім өтуі үшін (өмір) күндіз сендерді тірілтеді. Содан кейін Оған қайтасыңдар және Ол сонда сендердің жасағандарыңызды айтып береді»-делінген.

Ислам – бұл тек діни ережелер ғана емес, ислам – бұл өмір сүру үлгісі, оның әр саласына нұсқаулық түсірілген. Бұнда аса мейірімді Алланың өзінің құлдарына деген мейірімі мен махаббаты бар. Адам өміріндегі барлық аспектілер Исламда назардын тыс қалмаған. Пайғамбарымыздың сахабалары:  «Пайғамбар бізді барлығына үйретті, тіпті табиғаттың шақыруына жауап беру ережелерін үйретті»-деген.

Адам өмірінің ажырамас бір бөлігі ұйқыға тоқталсақ.

Ұйқы – Алла Тағаланың сыйы, демалыс пен тыныштық, күшті қалыпқа келтіру мүмкіндігі.

Ұйықтар алдындағы амалдар:

1.Мүмкіндік болса ұйықтар алдында жуыну керек.

2.Жамылатын көрпені үш рет қағып, сілкіп жіберу қажет, себебі онда түрлі қиқым, лас нәрселер болуы мүмкін.

3.Оң жақ бүйіріне бұрылып, қолын басына жастап жату керек.

4.Алла елшісі оқыған дұғаны оқу: «О Аллам, Сенің атыңмен ұйқыға жаттым және Сенің қалауыңмен оянамын. Егер менің жанымды алсаң онда оған рақымшылық жаса, ал егер жіберсең онда оны қорға».

5.Сондай-ақ, «Аятул Күрсі», «әл-Ықылас», «әл-Кафирун», «әл-Фалақ», «ән-Нас» сүрелерін үш реттен оқыған абзал, содан кейін алақанға түкіріп, бүкіл денеден жүргізіп өту қажет.

6.Пайғамбар таңғы намаздан кейінгі және күн батар алдындағы намаздан бұрын ұйықтағанды жақтырмайтын. Себебі бұл уақытта Алланың ризығы жіберіледі.

7.Оянғаннан кейін бетті қолмен жуып, Алланы еске алып, дұға оқу қажет:  «Аллаға шүкір, ұйықтағаннан кейін тірілткен Аллаға шүкір, және Оған қайтамыз».

Әбу Хурайра Алла елшісінің: «Әркім ұйықтаған кезде шайтан оның желкесінде үш түйін байлап тастайды...Егер адам оянып, Алланы есіне алса, бір түйін шешіледі. Адам жуынғанда екінші түйін шешіледі. Егер адам дұға жасаса үшінші түйін шешіледі»-дегенін жеткізген. Сонда адам сол таңға риза болып тұрады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары