Тілдік нұсқа
Радио

мақала

Алыс тұыстан жақын көршін артық
26 ақпан, 2024 жыл 141 Басып шығару нұсқасы

Мұсылман адам Ислам дінінің ережелерін сақтай отырып, өз көршілеріне ұлтына және дініне қарамастан, ең жақсы қарым-қатынас жасауы, оларға мейірімділік танытуы және қолдау көрсетуі тиіс, өйткені Ислам көршілерімен қарым-қатынасты жоғары орынға бөледі. Құранда Алла тағала бізге көршілерімізге жақсы қарауды және оларға жақсылық жасауды бұйырады. Туыстық қарым-қатынас орнатқан мұсылман көршімен тек көршілес қарым-қатынасты ғана емес, сондай-ақ туыстық немесе жалпы дін байланысын да біріктіреді. Көптеген хадистерде Алланың елшісі (с.ғ.с.) көршілерінің бәріне, олардың дін сенімдеріне қарамастан, жақсы қарым-қатынас жасауды бұйырған. Мысалы, Пайғамбарымыз Мухаммед (с.ғ.с.) айтты:

 ما زالَ يُوصِينِي جِبْرِيلُ بالجارِ، حتَّى ظَنَنْتُ أنَّه سَيُوَرِّثُهُ.

الراوي : عائشة أم المؤمنين | المحدث : البخاري

«Жәбрейіл (ғ.с.) көршіге жақсы қарым-қатынас жасау керектігін (ұзақ уақыт бойы) маған нұсқауын тоқтатпады, тіпті оны мұрагерлер қатарына қосады деп ойладым».

Көршіге рақымшылық жасау және оған қандай да болмасын ренжітуден бас тарту - Алла мен ахирет күніне деген сенімнің бір белгісі және осы сенімнің адамға тигізетін әсерінің ең жақсы дәлелі. Хадисте былай делінген: 

«مَن كانَ يُؤْمِنُ باللَّهِ واليَومِ الآخِرِ فلا يُؤْذِ جارَهُ، ومَن كانَ يُؤْمِنُ باللَّهِ واليَومِ الآخِرِ فَلْيُكْرِمْ ضَيْفَهُ، ومَن كانَ يُؤْمِنُ باللَّهِ واليَومِ الآخِرِ فَلْيَقُلْ خَيْرًا أوْ لِيَصْمُتْ

 «Кім Аллаға және ахирет күніне сенсе, көршісіне жақсы қарасын, кім Аллаға және ахирет күніне сенсе, қонағын құрметтесін, кім Аллаға және ахирет күніне сенсе, жақсы сөйлесін немесе үнсіз қалсын!» «Кім Аллаға және ахирет күнге сенсе, көршісіне зиян келтірмесін».

Мұсылман адам көршісіне мейірімділік танытып, оған өзіне қалағандарын тілеу керек. Ол мұсылмандардың жүрегінде Алланың Пайғамбары Мухаммед (с.ғ.с.)-ның тәрбиелеген ынтымақ рухын есте сақтауы тиіс.

ليس المؤمنُ بالذي يشبعُ وجارُه جائِعٌ إلى جنبَيْهِ الراوي : عبدالله بن عباس  

 Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өз хадисінде айтты: «Қасында аш көршінің бар екенін білген адам момындардан емес», - делінген  

Мұсылман көршісінің ұсақ-түйектерін және көршісінің оған тигізетін ренжісін шыдамдылықпен көтеруі керек. Егер көрші оған жамандық жасаса, ол да солай жауап бермеуге тиіс. Ал мұсылман көршісінің оның жамандығына жауап бермей, шыдамдылық, сыпайылық пен төзімділік танытқанын көргенде, ол түзеліп, өзін қорлауды тоқтатуы мүмкін. Осылайша, шыдамдылық пен мейірімділік - ең лайықты және ізгі қасиеттердің бірі және сонымен бірге кейбір жан дүниелерінде орын алған жамандықты жоюға ықпал ететін ең пәрменді тәрбиелік әдістердің бірі.  Осы орайда бір тамаша мысал келтіргім келеді. Ұлы имам Әбу Ханифаның (Алла оны өз рахымына бөлесің) кезінде Бағдадта оның қасында бір яһуди көрші тұрды. Әбу Ханифаның үйінің қоршауының қасында оның дәретханасы бар еді, одан барлық лас заттар имамның ауласына ағып жатты. Яһуди бұл туралы білмеді. Имам шыдамдылық танытып, оны қолайсыз жағдайға қалдырғысы келмей, оларды өзі тазалап, ауласын тазартып отырды. Осының бәрі қырық жыл бойы осылай жалғасты. Әбу Ханифа бұл дүниеден кеткеннен кейін, яһуди көрші ұзақ уақыттан бері не болып жатқанын біліп, имамның мінез-құлқы мен тазалығына таң қалып: «Оны бұған не түрткі етті?» - деп сұрады. Бір ғана жауап: «Ислам және Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың жолын ұстану». Содан кейін ол адам Исламды қабылдап, үлгілі мұсылман болды.

Ата-бабадан қалған асыл сөз. «Үй тандама көршіні танда» Алла тағала бәрімізге жақсы көрші нәсіп етсің.

 

Қарағанды қалалық «Төлеутай ата»

Мешітінің имамы С.А.Құрманов

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары