Center Image
IHSAN.KZ
Жат ағымнан сақтану – әр мұсылманның міндеті
Жат ағымнан сақтану – әр мұсылманның міндеті

Қарағанды қалалық “Қазыбек би” мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы мешіт жамағатымен кездесу барысында қазіргі қоғамда белең алып отырған жат ағымдардың зияны мен олардың теріс ықпалы жайында насихат айтты.

Кездесу барысында имам дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың, діни сауаттылықты арттырудың және діни мәселелерде тек сенімді, ресми дереккөздерге жүгінудің маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жат ағым өкілдерінің қоғамда алауыздық туғызып, ұлттық салт-дәстүр мен ата-баба жолын жоққа шығаруға тырысатынын айтып, мұндай теріс идеологиялардың жастарға тигізетін зардабы жөнінде кеңінен түсіндірді. Қазақстанда діни экстремизм мен деструктивті діни ағымдардың алдын алу бағытында ресми түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. 

Имам Асылхан Нұртайұлы ислам діні бейбітшілікке, ынтымаққа, өзара құрметке және қоғам тұрақтылығына үндейтінін айтып, әрбір мұсылманның Құран мен сүннетті дұрыс түсініп, ата-бабадан жалғасқан дәстүрлі діни жолды ұстануы маңызды екенін жеткізді. 

Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен күмәнді интернет ресурстарындағы тексерілмеген діни ақпараттарға сын көзбен қарап, діни мәселелер бойынша білікті имамдардан кеңес алуға шақырды.

Насихат соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, діни тақырыптар төңірегінде еркін пікір алмасты. 



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz