Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде отбасы құндылығы насихатталды
Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде отбасы құндылығы насихатталды

Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінде жұма намазынан кейін жамағатқа отбасы құндылығы мен үйлену мәселесіне арналған тағылымды насихат айтылды.

Мешіт имамы уағыз барысында отбасы құрудың қоғам мен ұлт болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, үйлену тойын өткізудегі шариғат әдебі туралы кеңінен түсіндірді.

Сонымен қатар балалары үйлену жасына жеткен ата-аналарды олардың некесін орынсыз кешіктірмеуге шақырып, жастардың отбасын құруына қолдау көрсетудің маңызын атап өтті. Сондай-ақ неке қию рәсімі мен үйлену тойын шариғат талаптарына сай өткізу, артық ысырап пен орынсыз бәсекелестіктен аулақ болу, даңғазалыққа жол бермеу және той барысында әдеп пен имандылық қағидаларын сақтау қажеттігі жан-жақты түсіндірілді.

Насихат барысында имам:
«Ислам діні жеңілдікті, орта жолды және берекені насихаттайды. Сондықтан үйленуді қиындатпай, шариғатқа сай неке қиып, тойды қарапайым әрі берекелі өткізген абзал», – деп жамағатты отбасы институтын нығайтуға, ұлттық және діни құндылықтарды берік ұстануға үндеді.

Кездесу соңында жамағат көкейлеріндегі сауалдарын қойып, отбасы мәселесіне қатысты пайдалы пікір алмасты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz