Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің имамы Берік Алпысбайұлы мешіт шәкірттеріне «Бабалар ізімен: Қазақ даласындағы мұсылмандық мектебі» кітабы негізінде, қазақ жеріндегі ислам дінінің тарихы, халқымыздың діни танымы мен рухани мұрасын кеңінен түсіндірді.
Имам дәріс барысында қазақ даласында қалыптасқан Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебінің ерекшеліктеріне тоқталып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы ұстанып келген дәстүрлі ислам құндылықтарының қоғамдағы орны мен маңызын баяндады. Сонымен қатар ұлттық салт-дәстүр мен шариғаттың өзара сабақтастығы, дін мен дәстүрдің үйлесімі жөнінде жан-жақты насихат айтылды.
Шәкірттерге рухани әдебиеттерді тұрақты оқудың, діни білімді сенімді дереккөздерден алудың және дәстүрлі ислам құндылықтарын берік ұстанудың маңыздылығы түсіндірілді. Дәріс барысында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өтті.
Шара соңында имам Берік Алпысбайұлы жастарды ізгілікке, білімге ұмтылып, ата-баба аманатына адал болуға және қоғам игілігі үшін қызмет етуге шақырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы