Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеген игі шара өтіп, дүние есігін жаңа ашқан нәрестеге азан шақырып, ат қою рәсімі жасалды.
Игі дәстүрге сай, мешіттің наиб имамы Әсет Наурызбайұлы сәбидің құлағына азан шақырып, есімін атап, ақ батасын берді.
Қазақтың көнеден келе жатқан бұл салты – баланың өмірі иманды, ғұмыры ғибратты, жолы ашық болсын деген ізгі ниеттің көрінісі. Шара барысында жиналған жамағат перзентке береке мен бақыт тілеп, дұға жасады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы