Қарағанды қалалық «Хазірет Әли» мешітінде алда келе жатқан қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық жұмыстары жүргізілді.
Мешіт аумағында тазалық шаралары ұйымдастырылып, мешіт ауласы әктеліп, сырлау-сәндеу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, сенбілік жұмыстары жүргізіліп, айналаны ретке келтіру, тазалық сақтау және жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды.
Игі шараға мешіт қызметкерлері мен ерікті жамағат белсене қатысып, қасиетті мерекені лайықты деңгейде қарсы алуға өз үлестерін қосты.
Тазалық – имандылықтың бір көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы мешіттің көркі артып, жамағатқа жайлы орта қалыптасуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы