Center Image
IHSAN.KZ
«Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» атты рухани кездесу өтті
«Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» атты рухани кездесу өтті

Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінде Халықаралық отбасы күніне орай «Өнегелі отбасы – қоғам байлығы» тақырыбында рухани кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында мешіт ұстазы Қарубай Берікұлы жаңадан отау құрған жас отбасыларға отбасы құндылығы, ерлі-зайыптылардың бір-біріне деген сыйластығы мен жауапкершілігі жайында насихат айтты. Сонымен қатар шаңырақтың берекесі – өзара түсіністік пен сабырда екені айтылып, жастарға ізгі тілектер жеткізілді.

Іс-шара соңында қатысушылар отбасының қоғамдағы маңызы туралы пайдалы мағлұмат алып, рухани әсерге бөленді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz