Center Image
IHSAN.KZ
Қазақстанда шариғатқа сәйкес төлем карталары шығады
Қазақстанда шариғатқа сәйкес төлем карталары шығады

Қазақстанда «Аль Сакр — Финанс» АҚ  шариғат заңдарына сәйкес төлем карталарын шығарады.

Қазақстанда корпоративтік секторға қызмет көрсететін бірнеше исламдық қаржы ұйымдары бар. Солардың бірі «Аль Сакр — Финанс» компаниясы. Исламдық компания Қазақстан қаржы нарығында 17 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Олар жаңа жобаны «Банк-Астана» банкімен бірлесіп жасаған. Картаның артықшылықтары:

— қаражаттың қалдығына сыйақы есептелмейді;

— клиент қаржысын банк эмитенті пайдаланбайды;

— шариғатта тыйым салынған мекемелерде төлем жасау мүмкіндігі жоқ;

— on-line тапсырыс беру;

— ақысыз жеткізу қызметі;

— мультивалюталық;

— ақша салу мен шығару үшін комиссия жоқ;

— 1000-нан астам серіктестерден жеңілдік;

— мобильді қосымшасы бар.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz